How to get free YouTube subscribers, likes and views?
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

Марсело лайк басты. Маған 'мал' деп жазған адамды тауып алдым - Нұрлан Еспанов

Follow
Бірінші бол

Белгілі әнші Нұрлан Еспановпен шайға қант қоспай ішіп отырып көретін "тәтті" подкаст болды. Адам жатырқамайтын, бір әңгіменің түйіні ағытылса шешіліп сөйлейтін Нұрлан Еспанов бұл жолы да көсілді. Бірінші минуттан бастап қамшы салдырмады. Анекдот та айтты, пәлсапалық пайымын да ортаға салды.

Нұрлан Еспанов футболдан алыс емес. Жасы 50ге келсе де үнемі доптың соңында жүр. Қазақстан ұлттық құрамасының амбассадоры.

Ол жастарға жанашыр болғысы келеді. Егер таланты тасып тұрған, футболға деген махаббаты зор үш бала табылса, бәріне қымбат бутсы (оригинал – жейдесі, шортысы, гетры) сыйлайтынын айтты.

Айтпақшы, Нұрлан Еспанов футбол функционеріне айналса (агент), Қазақстан футболын насихаттау үшін Арсен Венгер, Зиденин Зидан, Роналдиньо сияқты футбол тұлғаларын елге әкелгісі келетін арманын жасырмады.

Нұрлан Еспанов жақында қазақтың бір талантты баласын "Трабзонспор" клубына апарып, түрік скауттарына таныстыруды жоспарлап отыр екен. Ол "нағыз талант – талантты тани білген адам" деп есептейді. Қазақтың талантты балалары әлемдік клубтарда доп тепкенін шын қалайды.

Подкасты соңынан дейін көріңіз, егер осы шығарылым 10 мың лайк жинаса, Нұрлан Еспанов тағы да БІРІНШІ БОЛ қонағы болып, бұрынсоңды еш жерде айтпаған әңгімесін бөлісуге уәде берді.

Сайтымыз: https://1bol.kz/

Басқа платформалар:
Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast...
Google Podcasts: https://podcasts.google.com/feed/aHR0...
Яндекс Музыка: https://music.yandex.ru/album/2790940...

Подкаст жүргізушілері:
Олжас Байбосын   / olzhas_baibosin  
Ермұхамед Мәулен   / e.maulen  

Подкаст қонағы:
Нұрлан Еспанов   / espanov_n  

#футбол #подкаст #біріншібол

posted by facultats3a