Rock YouTube channel with real views, likes and subscribers
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

MuzART - Ол көктем оралмайды МузАрт тобы караоке ( текст )

Follow
LYRICS HUB

MuzART Ол көктем оралмайды

Кездескен белесіңмен,
Шықпайсың сен есімнен.
Уақыт та жылжып жатты,
Аяулы елесіңмен.
Аялап гүлдерімді,
Бақытты күндерімді.
Есіме жиі аламын,
Үздіккен түндерімді.

Гүлім сезем, сол бір өзен,
Арнасына тола алмайды.
Өткен күндер, айлы түндер,
Көңілдерден жоғалмайды.
Бұл жалғанда ешбір ару,
Дәл өзіңдей бола алмайды!
Құстар қайтар, әнімді айтар,
Ол көктем оралмайды...

Кезгенде бұлақ, қырды,
Көңілде сұрақ тұрды.
Бізбенен жаңбырлы кеш,
Қосылып жылап тұрды.
Еркелеп күлімдеген,
"Жайнаған гүлім" деп ең.
Екеуміз қоштасарда,
Саусағың дірілдеген.

Гүлім сезем, сол бір өзен,
Арнасына тола алмайды.
Өткен күндер, айлы түндер,
Көңілдерден жоғалмайды.
Бұл жалғанда ешбір ару,
Дәл өзіңдей бола алмайды.
Құстар қайтар, әнімді айтар,
Ол көктем оралмайды... (2х)

posted by Zollblattxb