YouTube magic that brings views, likes and suibscribers
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

Шавкат қарындасының тойына да келген жоқ. Хан Ата ешқашан профиге өте алмайды | Нұраддин Садық

Follow
Бірінші бол

Бүгінгі әңгімеміз – аралас жекпежек, MMA, UFC, попММА тақырыбында болды. БІРІНШІ БОЛ қонағы – спорт менеджері, промоутер, қоғам белсендісі Нұраддин Садықов.

Нұраддин бұл спорттың әлі де пайда әкелетін бизнеске айналмағанын алға тартты. Ол үшін менеджерлік компаниялар Шавкат Рахмонов сынды атағы жер жаратын, даңқы аспандаған жауынгер жасақтауы керек.

Қазір OCTAGON лигасы әлемге танымал UFC жұлдызын жасақтау үшін барын салып жатыр екен. Нұраддин Садықов "Менің мақсатым – кемі екіүш Хабиб шығару" деп мәлімдеме жасады.

Одан бөлек, қазіргі файтерлерге тек талантты спортшы болу аздық ететінін, әлемдік межені бағындырып, жекпежегіне мыңдаған көрермен тарту үшін шоу бизнеске жақын болуы керегін айтты.

Хан Ата мен Дикий Дарабоз неге ешқашан профиге шыға алмайды? ПопММА профи файтерлердің аяғына тұсау ма, әлде оның пайдасын көре алмай отырмыз ба? Осы және басқа да қызықты әңгімені естігіңіз келсе, подкасты соңына дейін көріп шығыңыз.

Сайтымыз: https://1bol.kz/
"Бірінші гол" арнамыз    / @1golkz  

Басқа платформалар:
Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast...
Google Podcasts: https://podcasts.google.com/feed/aHR0...
Яндекс Музыка: https://music.yandex.ru/album/2790940...

Подкаст жүргізушілері:
Олжас Байбосын   / olzhas_baibosin  
Ермұхамед Мәулен   / e.maulen  

Подкаст қонағы:
Нұраддин Садықов   / nuraddins  

Подкасты таймкод арқылы көру:
00:06 Нұраддин Садықов пен Ермұхамед Мәулен жатақханада бір бөлмеде тұрған
01:36 Филолог қалай аралас жекпежек функционеріне айналды?
03:32 Face To Face: ондағы төбелестің бәрі шоу ма?
07:00 Еркебұлан Тоқтар – бәрібір кәсіпқой емес
10:04 ТМД көлемінде рекорд орнаттық
11:34 Қазақстанда қанша MMA промоушен бар?
12:30 UFCге 23 адамды кіргізуді жоспарлап отырмыз
15:12 Жалғас Жұмағұлов "Бекзат Алмаханның еш мүмкіндігі жоқ" деп неге айтты?
17:47 Бекзат Алмахан қалған үш жекпежекте өзін 100% көрсетеді
19:58 OCTAGON файтерлеріне ақша төлей ме?
23:46 "Еш пайда әкелетін бизнес емес": Нұраддин мен Ермұхамед дауласып қалды
28:16 UFC – индустрияны қалыптастырған локомотив
29:22 Неге UFC жауынгерлері өте аз ақша алады?
34:00 Файтер – тек спортшы емес, шоу бизнес өкілі
35:50 OCTAGON лигасындағы ең қымбат файтер кім?
36:42 ПопММА: кейде шектен шығатын кездері бар
38:13 Хан Ата ешқашан профиге шыға алмайды
40:00 Промоутер – бөлек, менеджер – басқа
42:00 Менеджерлік компаниялар файтерін Шавкат Рахмоновтың деңгейіне жеткізгенде ғана пайда табады
44:34 Еркебұлан Тоқтардың әр сөзі хитке айналады
47:46 Стереотипті бұзу керек: қазақ пен қазақ, өзбек пен өзбек төбелесе берсін
52:22 Азат Мақсұмды неге қатты сынады? "Батырды бәрекелді өлтіреді"
56:09 Менің мақсатым – кемі екіүш Хабиб шығару
57:48 Шавкат қарындасының тойына да барған жоқ
01:01:10 DAR Team жауынгерлеріне айлық төлейтіні рас па?
01:04:08 UFCде алғашқы чемпионымыз Шавкат болады деп сенемін
01:06:46 Кедей елміз, ағылшын тілін білмейміз, тегінге құмармыз... Сол үшін қызық емеспіз
01:09.25 Қазаққытай турнирі. Нұраддиннен эксклюзив ақпарат!
01:11:02 Орталық Азия файтерлерін де қамтып отырмыз
01:12:32 Конордың мәлімдемесі: Дана Уайт UFC даму векторын өзгерте ме?
01:14:30 Бізде аяқтан шалу бар. Дархан Қыдырәлі ХХ ғасырдың бірінші жартысында қап кеткен азамат
01:18:05 Жекпежек ұйымдастыру үшін лицензияны қайдан алады?
01:20:19 Данияр Қасқарауов депутат болды, енді неге бюрократияны жоймайды?
01:21:26 OCTAGON – тек Қазақстанда ғана емес, ТМД бойынша ІІІ орында

#ufc #mma #octagon

posted by facultats3a