Free views, likes and subscribers at YouTube. Now!
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2020 ТОЛЫҚ КОНЦЕРТ | Қызық Live

Follow
Marat Oralgazin

ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2020 ТОЛЫҚ КОНЦЕРТ| Қызық Live
https://www.yokohamatire.kz

"Қызық LIVE" жобасының жаңажылдық қалжың марапаты телевизия маусымының дәстүрлі әзілоспақ қорытындысы, қазіргі барлық оқиға мен оған себеп болған адамдар тоғысқан логикалық финалы болды.
Үшінші жыл қатарынан "Қызық Премия" көрермендер арасында да, шығармашылық ортада да үлкен резонанс тудырады. Бұл Жаңа жыл қарсаңында ең күтілетін ісшаралардың бірі болды.
Барлығы бәріне белгілі премиялардың ережелеріне сәйкес өтуі керек секілді болған. Бірақ бұл “Қызық LIVE” бағдарламасы мен “BAS production” студиясының премиясы болғандықтан, аталған жобада әдеттегілік пен бос сөзге орын жоқ. Астарлы ирония, батыл эксперименттер және көңілді импровизация "Қызық Премияның" басты ерекшелігі.
Жоба авторлары әрі жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жыл бойы оқиғалар ортасында жүрген және жақсы көңілкүйге себепші болғандарды өздеріне тән ирониялық және қалжың формасында марапаттайды.
Жылдың ең көп талқыға түскен адамдары, эстрада жұлдыздары, танымал саясаткерлер, сондайақ әлеуметтік желінің көмегімен аяқ астынан жұлдыз атанғандар жоба қатысушысы болады.
"Жылдың плагиаты", "Үздік той2020", "Жылдың кешірім сұрауы", "Жылдың фразасы", "Кешью аптаның үздік құрамы", "Хайп2020" секілді қалжың номинациялар концерттің негізі әрі қызыл сызығы. "Жылдың плагиаты" номинациясында белгілі әнші Серік Ибрагимов бір жыл бойы шетелдік әндерге "кавер" жасаған әріптестерін әшкереледі.
Ақтауда көшеде қайыр сұрап тұрған ер адамға қалтасындағы ақшасын берген кішкентай қыз Сабина "Жылдың меценаты" атанды. Ернар Айдар "Боп тұрады" номинациясында премия лауреаты болды.
Сондайақ "Жылдың жекпежегі" номинациясында республикалық телеарналардың біріндегі токшоуда қарсыласымен жаға ұстасқан танымал саясаткер Ермұрат Бапи жеңіске жетті.
"Жылдың бейнебаяны" және "Жылдың челленджі" номинациясы жылдың ең белсенді әртістері Райым мен Артурға берілді. Жылдың жұбы ретінде Қуат Хамитов пен Сабина Алтынбекова емес, танымал актер, вайнер Жахан Отарғалиев пен "Кешьюдің" бұрынғы әншісі Балжан Бидаш танылды. Сонымен бірге Премияға Қуат Хамитов, Нұрлан Қоянбаев, Мейіржан Төребаев, Ерке Есмахан, "Кешью" тобы, Айқын, Айдана Меденова, Жахан Отарғалиев, Жания Джуринская, Нұрболат Абдуллин және басқа да танымал адамдар қатысты.

Каналға жазыл / Подпишись на канал
   / @maratoralgazin  

Жүргізушілер:
Марат Оралгазин   / oralgazin  
Еркебулан Мырзабек   / rollanuly  

#ҚызықПремия #КызыкПремия #Қызық

posted by Siebzigerox